15
декабрь
2021
Есентаев Нуржан Ауесбаевич
ӨМІРБАЯНЕсентаев Нуржан Ауесбаевич 1982 жылы 01 қаңтарда Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Дихан-2 ауылында дүниеге келген.
2004 жылы Тараз М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік Университеті, «Математика және Информатика» мамандығын аяқтаған.
2005 жылы еңбек жолын Тараз қ. №30 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі қызметінен бастады.
2010 - 2012 ж. Тараз М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік Университеті, «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Магистр академиялық дәрежесі бойынша біліктілік алды.
2013ж. Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курстарын аяқтады. «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы
2014 жылы Облыстық мұғалімдер арасында Өрлеу біліктілікті көтеру орталығының «Үздік портфолио» байқауына белсене қатысып жүлделі ІІ орын иеленді.
2015 жылы Қалалық Информатика пәні мұғалімдері арасындағы «Алтын диск» байқауына белсене қатысып жүлделі ІІ орынды иеленгені үшін марапатталады.
2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылына арналған «ЖАС ҒАЛЫМ 2015» атты V халықаралық ғылыми практикалық конференцияға қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталған.
2015 жылы №25 орта мектебінде Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2018 жылы №43 орта мектебінде Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2018 жылы «ХХІ ғасыр педагогы» атты біліктілікті арттыру бағдарламасының 72 сағаттық биология, физика және информатика пән мұғалімдеріне арналған пәндік курсын тәмамдаған.
2019 жылы «Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу кезіндегі сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша семинар бағдарламасын 8 академиялық сағат көлемінде аяқтап сертификатталған.
2019 жылы Ағылшын тілін білетін білім беру саласындағы мамандарға арналған В1, В2 деңгейі бойынша біліктілікті арттыру курсын тәмамдаған.
2019 жылы «Көшбасшы мұғалім – Учитель лидер» республикалық ғылыми әдістемелік журналының №5 2019ж. санында авторлық материал жариялаған.
Қазіргі таңда 2021 жылы қыркүйек айынан бастап Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Қостөбе ауылы, Қостөбе орта мектебінің директоры.