20
июнь
2019
«Педагогикалық идеялар панорамасы - 2019»
Конкурстың мақсаты – біріңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру.
Конкурстың міндеттері:
- үздік педагогикалық практикаларға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту;
- «Өрлеу» педагогтардың біліктілігін арттыру Ұлттық порталында үздік бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер қорын жасау.
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы заманауи технологиялар;
- орта білім беруді оқытудағы заманауи технологиялар;
- техникалық және кәсіптік оқытудағы заманауи технологиялар;
- жоғары білімді оқытудағы заманауи технологиялар;
- қосымша білім беруді оқытудағы заманауи технологиялар.
Конкурстың тілі
Қазақ, орыс, ағылшын.
Бейнематериалдың түрі:
- дәріс (оқыту мен тәрбиелеу әдісі, белгілі бір саладағы идеялар жүйесін дәйекті монологтық баяндау);
- сабақ (оқу жұмысын ұйымдастыру формасы, осы жағдайда педагог оқу бағдарламасында айқындалған білім алушыларға қойылған дидактикалық және тәрбиелеу мақсаттарына қол жеткізу үшін саналуан әдістерді пайдалана отырып, нақты кесте бойынша тұрақты құраммен дәл белгіленген уақыт шеңберінде жұмыс жасайды);
- ашық сабақ (өзінің жұмыс әдістерін көрсету мақсатында басқа оқытушылардың қатысуымен тәжірибелі оқытушы өткізетін сабақ, тәжірибе алмасу мен біліктілікті арттырудың маңызды құралы);
- практикалық/лабораториялық жұмыс (теориялық білімдерді тереңдету мен бекіту, дербес сынақтан өту дағдыларын дамыту мақсатындағы өздік практикалық жұмыс түрлерінің бірі);
- семинар (жетекшінің тапсырмасы бойынша жекелеген мәселелерді, проблемларды, тақырыптарды білім алушылардың өздігінен оқып үйренуіне құрылған, артынша материалды баяндама, реферат түрінде рәсімдейтін және оны бірлесіп талқылайтын оқу процесінің формасы).