24
сентябрь
2019
"Әкелер бізде қонақта" онкүндігі
Мектебімізде әкелер фестивалі өтуде. Іс-шара барысында балаларға отбасының ұйытқысы, негізгі тірегі әке екені, бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланыс ұғындырылып, оқушылар әкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиеленді және отбасындағы әке орны, рөлі көрсетілді. Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу мақсатында «Әкелер бізде қонақта» деген тақырыппен сынып сағаттары өткізіліп, «Әкелермен ғажайып алаңда» сайысы, "Менің әкем ең жақсы адам" тақырыбында әндер жарысы ұйымдастырылды.

